06 Желт 2021
Жаңалықтар

1-желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік шара өтті

“Сәулет” мектеп-лицейінде 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік шара өтті. Мектеп директоры А.Бисалиева құттықтау сөз сөйлеп, мемлекетіміздің қалыптасуы барысында Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың атқарған қызметіне тоқталып, еліміздің ертеңі жастардың қолында, қазіргі заманда білім мен ғылымды терең меңгеру керек екендігіне баса назар аударды. “НұрОтан” партиясы қатарындағы мектеп мұғалімдеріне партияның төсбелгілерін тақты. Сонымен қатар шара барысында қараша айы бойына насихатталған “Жомарттылық” айлығы қорытындыланып, белсенділік танытқан сыныптар мен оқушыларға алғыс хаттар табысталды. Салтанатты жиын мектебіміздің көркемөнерпаздарының концертіне ұласты.