27 Қар 2021
Жаңалықтар

Қандай кітап оқып жүрсің?

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 24.11.2021ж. мектеп кітапханасында оқушылардың қатысуымен READx жобасы өтті. Кезекті жобаға "Жайын ілерде" (Х.Есенжанов), "Қорғансыздың күні" (М.Әуезов), "Өмірде шектеу жоқ" (Н.Вуйчич), "Соғыстың соңғы жесірі" ( Ш.Мұртаза) кітаптары ұсынылды.

Қатысушылар спикерлерден жағымды әсерлер мен кітаптар бойынша ұсыныстар алды. Әр кітаптан жаңа ілім үйреніп, бұрын білмеген нәрсенің көзін ашуға мүмкіндік болды.