27 Қар 2021
Жаңалықтар

25 қараша күні 6 «ә» сынып оқушыларына ағылшын тілі пәні мұғалімі Л.А.Имангалиева "Our countryside" тақырыбында ашық сабақ өткізді

25 қараша күні 6 «ә» сынып оқушыларына ағылшын тілі пәні мұғалімі Л.А.Имангалиева "Our countryside" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты оқушылардың 2 тоқсанда өтіп жатқан тарауы бойынша өз білімін көтеру, қызығушылығын ояту, тақырып бойынша айтылым және оқылым дағдыларын дамыту. АКТ технологиясын сабақта қолдану мақсатында оқушыларға «Wordwall» бағдарламасымен тапсырма беріліп, сабақ презентациямен түсіндірілді. Сабақ барысында оқушылармен жұптық, топтық және жеке жұмыстар жүргізілді. Топтық жұмыс кезінде оқушыларға текстпен жұмыс түрлері жүргізіліп, "5 сұрақ"стратегиясы бойынша сұрақтар қойылды.  Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Сабақ мақсатына сай тапсырмалар алынған. Сабақта барлық оқушылар тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты. Мұғалім оқушыларды бағыттап, оларға қолдау көрсетіп отырды. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алынды.