27 Қар 2021
Жаңалықтар

Шара барысында ақын туралы бейнебаян көрсетілді

"Сәулет" мектеп - лицейінде 8 - сынып оқушыларымен бірге ұлтымыздың ұлы ұстазы, "дала қоңырауы" атанған, қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы-ғалым Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай конференция оздырылды.Шараның мақсаты - өскелең ұрпақ бойына елдік патриоттық сезім қалыптастырып, адам бойындағы асыл қасиеттерге тәрбиелеу. Іс шарада Ы.Алтысариннің өміріне кеңінен тоқталып, жазушының ағартушылық қызметі жайлы 8 "А" сынып оқушылары өз ойларын білдірсе, 8 "Ә" сынып оқушылары ақын өлеңдерінің негізгі  тақырыбына тоқталып, өздері жатқа білетін  өлеңдерін оқып,  өлеңге жан-жақты талдауларын жасады. 8 "Б" сынып оқушылары Ы.Алтынсариннің әңгімелерінің тәрбиелік мәнін аша отырып, кейбір әңгімелерінің мазмұны мен өмірлік құндылығына тоқталып өтті. Шара барысында ақын туралы бейнебаян көрсетілді.