23 Қар 2021
Жаңалықтар

"Мобильді QR кітапхана"

"Оқуға құштар мектеп" Мобильді кітапхана - бұл кітапхананың жаңа қызметі. Қазіргі заманғы кітапханада ақпараттар мен құжаттарға сұраныстар оқырмандарға қолжетімді болуы қажет. Интернет желісінен смартфонның көмегімен керек ақпаратқа қол жеткізе алады. Осыған орай "Сәулет" мектеп-лицейі кітапханасында және мектеп жанындағы интернатта оқушылардың көркем әдебиетке қолжетімділігін арттыру мақсатында, көркем әдебиеттердің топтамасынан "Мобильді QR кітапхана" ұйымдастырылды.