23 Қар 2021
Жаңалықтар

Математикалық кросс сайысы өткізілді

Оқушылардың математика пәнін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың арасындағы достықты күшейту мақсатында 8-сынып оқушылары арасында "Математикалық кросс" сайысы өткізілді. Сайысқа 4 оқушыдан құралған 2 команда қатысты. Сайыс шарты өздеріне берілген тапсырманы орындау арқылы өздеріне бекітілген кабинеттерді аралау. Сайыс есептері оқушылардың өткен тақырыптары және логикалық есептер бойынша құрылды. Сайыстың негізгі шарты есептерді дұрыс шығару және жылдамдықпен қозғалу. Сайыстың қорытындысы бойынша өздерінің жылдамдықтары мен білгірліктерінің нәтижесінде 8 "ә" сынып оқушылары 1 орын, 8"б" сынып оқушылары 2 орын иеленді. Сайыс командалардың арасындағы достық, пікір алмасу қалыптасты.