23 Қар 2021
Жаңалықтар

XVI облыстық Апельсин-2021 физикалық турнирі

Қараша айының 16-18 күндері "Дарын" қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен XVI облыстық "Апельсин-2021" физикалық турнирі 9-11 сынып арасында өтті. Турнирге ауданымыздың "Сәулет" МЛ 9 сынып, 10 сынып және 11 сынып оқушыларынан құралған командалар қатысты. Нәтижесінде 9 сынып оқушылары командалық есепте ІІІ орын, 10 сынып оқушылары командалық есепте ІІІ орын, "Үздік физик-эрудит" туры бойынша Аяпбергенова Дильназ ІІ орын, 11 сынып оқушылары командалық есепте ІІІ орын, "Үздік физик-теоретик" туры бойынша Ғазез Қасымжомартәлі ІІ орын және Мұрат Армат ІІІ орындарға ие болды. Физика және техника саласында оқушылардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру, кәсіби бағдарлау, оқушылардың ғылыми-техникалық қызметке қызығушылығын дамыту, физикалық білімдерін насихаттау мақсатында жыл сайын өтетін турнирде Сәулеттік оқушылар үнемі жеңіске жетуде. Аталған байқауда аудан намысын қорғап, өз білімдерін дәлелдеген оқушыларымыз бен оларды дайындаған физика пәні мұғалімі Айнұр Серікбайқызын жеңісімен құттықтаймыз!