23 Қар 2021
Жаңалықтар

«Математика – ғылымдардың патшасы» тақырыбы аясында өткізілген математика апталығының қорытынды шарасы ретінде, мұғалімдер арасында «Математикалық эстафета» сайысы оздырылды

«Математика – ғылымдардың патшасы» тақырыбы аясында өткізілген математика апталығының қорытынды шарасы ретінде, мұғалімдер арасында «Математикалық эстафета» сайысы оздырылды. Бұл сайыстың мақсаты: ұстаздардың денсаулығын, белсенділігін нығайту және де ой өрісін кеңейту. Эстафеталық сайыс «Таныстыру», «Кім жылдам», «Ксерокопия», «Адасқан формула», «Танграм», «Voice» және «Суды үнемде» атты жеті кезеңнен тұрды. Сайысқа барлығы 4 топ қатысты. Тартысты да, қызықты сайыс нәтижесінде 3-орынды «Жомарт» тобы, 2-орынды ақ түсті «Болашақ» тобы, 1-орынды «Қыран» тобы, ал бас жүлдені өздерінің шапшаңдығымен, ұйымшылдығымен, ұшқыр ойларымен жасыл түсті «Болашақ» тобы иемденді. Сайыс соңында барлық топ дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.