Қараша айының 17-і күні математика апталығы аясында 9-сыныптар арасында «Математикалық регата» сайысы өтті. 9 «А», 9 «Ә» сыныбынан екі және 9 «Б» бір командалары құрылып, сайысқа түсті. Регатаның ережесіне сай сайыс 4-турдан құралды және барлық балл 90 ұпайды құрады. Әр турда алгебра, геометрия және комбинаторика бөлімдерін қамтитын 3 тапсырма болды. Әр тур сайын есептердің шығару жолдары көрсетіліп, балдары шығарылып отырды. Сайыс нәтижесінде 50 ұпаймен 1-орынды 9 «Б» сыныбы, 2-орынды 47 ұпаймен 9 «Ә» сыныбы, 3-орынды 43 ұпаймен 9«А» сыныбы иеленді.