17 Қар 2021
Жаңалықтар

XVI облыстық “Апельсин-2021” физика-техникалық турнирі

Бүгін, Тасқала ауданы “Сәулет” мектеп-лицейінің 9 сынып оқушыларынан құралған команда (А.Хамитова, А.Саркенова, А.Нарушев, Д.Макимова) XVI облыстық “Апельсин-2021” физика-техникалық турниріне қатысып, жүлделі III орынды иеленді. Сонымен қатар, командалық есепте “Үздік физик-экспериментші команда” туры бойынша белсенді қатысқаны үшін, жекелей есепте А.Нарушев “Үздік физик-эрудит” турына белсенді қатысқаны үшін дипломдарымен марапатталды. Команданың жетекшісі мектебіміздің физика пәні мұғалімі А.С.Дуйсенованы шәкірттерінің жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!!!