Ағымдағы жылдың 16 қарашасында «Математика – ғылымдардың патшасы» атты математика апталығы аясында 7 – сыныптар арасында «Тапқыр болсан тауып көр» математикалық сайысы оздырылды. Аталмыш сайыс сабаққа әр сыныптан 5 оқушыдан құралған барлығы 3 команда қатысты. Сайыс 6 турдан болды: 1 тур – Таныстыру, 2 тур – Бәйге, 3 тур – 4-сурет, бір жауап, 4 тур – Тапқыр болсан тауып көр, 5 тур – Математика ертегілер елінде, 6 тур – Жорға.
Сайыс барысында оқушылар мақал-мәтелдерді тауып, берілген логикалық есептерді шығарды. Kahoot бағдарламасы арқылы математикалық тапсырмаларды шешіп, нәтижесінде үздік топтар анықталды. Командалар сайысқа белсенді қатысып, білімдерін көрсете білді.
Сайыс қорытындысы бойынша 7 «Ә» сыныбы 70 ұпаймен І орын, 7 «Б» сыныбы 65 ұпаймен ІІ орын және 7 «А» сыныбы 61 ұпаймен ІІІ орынды иеленді.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/12205-tap-yr-bolsan-tauyp-k-r-matematikaly-sajysy.html#sigFreeId377a47cb7e