"Келген қонаққа достық көңіл, қонақжайлық пейіл таныту - үй иесінің борышы" демекші 4 қараша күні облымтық Білім басқармасының ұйымдастыруымен ауданымызға Бәйтерек ауданы білім ошақтарының басшылары мен орынбасарларын құрметпен қош алдық. Тәжірибе алмасу, озық педагогикалық, инновациялық идеялармен сусындау мақсатында келген қонақтарымыз біздің мектебімізге де соққан болатын. Заман сұранысына сай ашылып, бүгінгі күні оқушыларымыздың толықтай құзырына берілген INTELLECTUM, Фотостудия, Робототехника кабинеттерінің, мектеп мұражайы мен әр түрлі зонада қызмет етіп отырған COWRKIHG орталығының жұмысымен танысып, ізгі тілектерін білдірді.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/11985-kelgen-ona-a-dosty-k-il-ona-zhajly-pejil-tanytu-j-iesini-boryshy.html#sigFreeId32188dc2a4