06 Қар 2021
Жаңалықтар

«Тәуелсіз Қазақстан Республикасының даму тарихы»

Бүгін, аудандық білім беру бөлімінің жылдық жоспарына сай, тәрбие ісі әдіскері Люция Мырзахметқызының ұйымдастыруымен тарих пәні мұғалімдеріне Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз елім—мақтанышым» атты конференция өткізілді. Конференцияға А.С.Дуйсенов «Тәуелсіздік-тұғырым!», Р.Т.Сисекешева «Тәуелсіздік-ел бақыты!», И.Г.Байдушев «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының даму тарихы» тақырыптарында баяндама оқыды. Сонымен қатар конференцияда Тәуелсіздік жылдарындағы оқиғаларға қатысты викториналық сұрақтар қойылып, бейнежазба көрсетілді. Конференцияның соңында кері байланыс орнатылып, мұғалімдер өз пікірлерімен бөлісіп, конференцияны қорытындылады.