Ағымдағы жылдың 5-қарашасында «Сәулет» МЛ базасында мектеп мұғалімдерін әдістемелік қолдау және тәжірибе алмасу мақсатында «Оқуды жоспарлаудағы ОҮБ қолдану әдістемесі» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Семинарда сабақ барысында қолданылатын оқыту үшін бағалаудың маңызы баяндалып, формативті бағалаудың жаңа техникалары мен әдістері топтық жұмыс жүргізу арқылы талқыланды. Формативті бағалау техникаларын сабақтың әр кезеңінде қолдану жолдары сараланып, ұсыныстар айтылды. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы кері байланыс берілді.
View the embedded image gallery online at:
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/11983-o-udy-zhosparlauda-y-o-b-oldanu-distemesi.html#sigFreeIdb3ac82724f
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/11983-o-udy-zhosparlauda-y-o-b-oldanu-distemesi.html#sigFreeIdb3ac82724f