05 Қар 2021
Жаңалықтар

4 қараша күні мектепішілік жоспарға сәйкес "Сабақ жоспарлаудағы шеберлік, оқытудағы өзгерістер. Оқытудағы заманауи білім беру және ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері" атты әдістемелік семинар өтті

4 қараша күні мектепішілік жоспарға сәйкес "Сабақ жоспарлаудағы шеберлік, оқытудағы өзгерістер. Оқытудағы заманауи білім беру және ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері" атты әдістемелік семинар өтті. Мақсаты: оқушылардың сабақта белсенділігін, білімін арттыруға бағытталған тапсырмалар құру және мұғалімдерге жаңаша АКТ мүмкіндіктерін пайдалану. Семинар барысында топтық жұмыстың түрлері, тапсырмалардың құрылуы, кері байланыс түрлері (4 күрте, BOFF, бутерброд, 5 сөз), сабақта қолдануға арналған программалардың (Quizlet.live, Online Testpad, Wordwall, kahoot, google forms) мүмкіндіктері көрсетіліп, қолданылды. Семинар соңында linoit.com электрондық тақтасына мұғалімдер рефлексия жазып, ұсыныстары мен алған әсерлерімен бөлісті.