"Салауатты өмір салты: аңыз немесе шынайы өмірдің сұранысы"
Мектебімізде алғашқы жалпы ата-аналар жиналысы жаңа әрі қызықты форматта ұйымдастырылды. Келісілген уақытта барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, ата-аналар мектепке жиналғаннан кейін жалып ата-аналар жиналысының бірінші бөлімі "Мұғаліммен бетпе-бет" сұхбаты ұйымдастырылып, әр ата-ана өз баласының білім алудағы жетістіктері мен жетіспеушіліктері туралы кеңірек ақпарат алуына мүмкіндік жасалды. Өздерін мазалап жүрген сұрақтары бойынша жауаптарын алған ата-ана алдағы уақытқа баласымен бірге жұмыс бағытын анықтап алды деген сенімдемізщ.
"Салауатты өмір салты: аңыз немесе шынайы өмірдің сұранысы" тақырыбында ұйымдастырылған жалпы ата-аналар жиналысының екінші бөлімі ұйымдастырылып, күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды.
1-ші сұрақ "Салауатты өмір салты: аңыз немесе шынайы өмірдің сұранысы" тақырыбында тәрбие ісінің орынбасары А. Дакишева ата-аналарымен белсенді диалогтық алаң ұйымдастыра отырып, тән саулығы мен жан саулығы тақырыбын кеңінен талқылап, "Денсаулық" салатының жасалу жолын ұсынды және сананы тазарту жолын нұсқайтын "Мирный воин" фильмінен үзінді көрсетіп, ерекше әсер қалдырды. Ата-аналар диалогқа белсенді қатысып, ерекше қызығушылық танытты.
2-ші мәселе "Тәрбиенің ең ьамаша мектебі - отбасы" тақырыбында мектебіміздің кітапханашысы З.Нургалиева "Оқуға құштар мектеп" жобасы шеңберінде зияткерлік сәт ұйымдастырды. "Отбасымен бірге оқимын", "Әкеммен бірге оқимын" секілді айдарлардың маңызына тоқталып, ұлттық тәрбие бағытында Б.Момышұлы мен келіні Зейнеп Ахметованың өмірінен тәрбиелік мысалдар келтірді. Ата-аналардың ойын сергіту мақсатында зияткерлік ойын ұйымдастырылып, ата-аналармен бірге кітап әлеміне саяхат жасады. Жасырынған мәтіндерді табу арқылы ата-аналар ойларын сергітіп, оқыған кітаптарын естерінде қайта жаңғыртты.
Келесі кезекте Тасқала Аудандық Полиция Бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы полиция лейтенанты Э.Тапалов «Түнгі қала» рейді, жасөспірімдердің қылмыстық әрекетінің алдын алу" мәселесі бойынша сөз алып, ата-аналарға қазіргі таңдағы ахуалмен таныстырып, мүмкіндігінше сақтық шараларын сақтауға шақырды. сонымен қатар интернет алаяқтарының құрбанына айналудың алдын алу жолдары туралы ақпараттар берілді. Одан кейін Тасқала аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы М.Батрашев «Жұқа мұз» күзгі демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі" бойынша қауіпсіздік ережелерімен таныстырып жадынамалар таратты.
Жаңа оқу жылына мектептің ата-анадар комитетінің құрамы қайта құрылу мәселесі де күн тәртәбәнде қаралды. Осы кезге дейінгі мектеп пен ата-аналар арасындағы көпірді жалғап, барлық ұйымдастыру жұмысында белсенділік танытып жүрген ата-аналар комитетінің бұрынғы төрағасы Н.Қуанышқалиевка мектеп директорының атынан алғыс хат табысталып, төрағалық қызметінен босатылды. Сынып жетекшілердің ұсынысымен жаңа комитет төрағасы ата-аналарға ұсынылып, бірауыздан Қ.Қаламбаев төраға қызметіне тағайындалды. Алдағы уақытта ынтымақтастықта жұмыс жасаймыз деген сенімдеміз.
ұйымдастырылған ата-аналар жиналысынан әрбір қатысушы ата-ана өздерінің білімдерін арттырып, жаңа ой, тың идея жинақтап кетті деген ойдамыз. Тәрбиемен қатар берілген оқу - табысты жеміс беретінін бәріміз де анық білеміз және сол бағытта тынымсыз қызмет атқарудамыз. Салауатты ұрпақ - біздің болашағымыз!
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/11971-salauatty-mir-salty-a-yz-nemese-shynajy-mirdi-s-ranysy.html#sigFreeId5c8e9fff93