05 Қар 2021
Жаңалықтар

"Заманауи білім берудегі көшбасшылық"

"Заманауи білім берудегі көшбасшылық"

Бүгін мектебімізде күзгі демалыс кезінде сынып жетекшілерге әдістемелік қолдау көрсету, өзара тәжірибе алмасу мақсатында алғашқы отырыс өтті. Күн тәртібінде негізгі 3 сұрақ қарастырылды.

Алғашқы сұрақ бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Дакишева "Заманауи білім берудегі көшбасшылық" тақырыбында ой қозғады. Алдымен сынып жетекшілердің ойын жұмыс барысына бағыттау мақсатында сергіту жаттығуын ұйымдастырып, кейін "Көшбасыш" ұғымы туралы бар түсініктерін стикерге жазуын сұрады. Кейін көшбасшылық, көшбасшы бойындағы қасиеттер, "Шынайы көшбасшы", "Атақты көшбасышы" туралы түсініктерін тереңдетуге мүмкіндік беретін ақапарат ұсынып, кері байланыс ретінде алдыңғы жазған стикерді толықтыру ұсынылды. Сынып жетекшілер ұйымдастырылған диалогта белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп отырды.

Екінші мәселе бойынша 5-7 сыныптың жетекшілері 2021-2022 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хатта көрсетілген әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу жағдайы және алдағы уақытқа ұйымдастыру жоспарымен таныстырып, өзара тәжірибе алмасты.

Үшінші мәселе бойынша мектебіміздің әлеуметтік педагогы "Діни экстремизм және оның алдын алу жолдары" тақырыбында презентация ұсынып, статистикалық мәліметтермен бөлісті. Сынып жетекшілер арасында диалог ұйымдастырылып, дінтану пәнін жүргізетін Н.Шапиков ой қорыту бағытында пікір білдірді.