05 Қар 2021
Жаңалықтар

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық,

Бұл қайраттан шығады білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боларсың елден ерек. (Абай)

Бұл өлең жолдарын Абай атамыз мектебіміздің мақтанышы, бойында барлық адами қасиеттер қалыптасқан, соның ішінде сабырлық пен тиянақтылықтың үлгісі, 11 сынып оқушысы Қуанышқалиева Арузияға арнағандай. Оқуда зияткер, әр істе қарапайымдылық бар бойынан табылатын Арузияға алдағы уақытта үлкен білім додасына, яғни Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінде де сәттілік серік болып, әр басқан қадамына нұр жауып, жүзден жүйрік атануына тілекшіміз.