05 Қар 2021
Жаңалықтар

2 қараша күні 5-6 сыныптарда жүгіру марафоны және велошеру өткізілді

2 қараша күні "Сәулет" мектеп-лицейінде "Салауатты ұрпақ - болашақ жемісі" тақырыбындағы күзгі демалыс жоспарына сәйкес оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында 5-6 сыныптарда жүгіру марафоны және велошеру өткізілді. Оқушыларды ептілікке, жылдамдыққа, төзімділікке, ұжымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеуде өткізілген шараға оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысып, бойлары сергіп, жақсы демалып қайтты.