Бүгін Сәулеттің жұлдызы тағы бір жарқ еткен күн болды. Сәулеттің негізі қаланғаннан бастап физиканың жілігін шағып, майын ішкен, жаңалықтың жаршысына айналған, креативті, мобильді, мектебіміздің шын жанашыр ҰСТАЗЫ Айнұр Серікбайқызы Айнур Дуйсенова "Батыс Қазақстан облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен және айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінде біржолғы сыйақымен марапатталды. Айнұр Серікбайқызын бұл марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылығына толағай табыстар, отбасына амандық тілейміз. Біз сізді мақтан етеміз!
View the embedded image gallery online at:
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/11776-b-gin-s-uletti-zh-ldyzy-ta-y-bir-zhar-etken-k-n-boldy.html#sigFreeIdfdbe697986
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/11776-b-gin-s-uletti-zh-ldyzy-ta-y-bir-zhar-etken-k-n-boldy.html#sigFreeIdfdbe697986