19 Қаз 2021
Жаңалықтар

"Қазақстан-2050 стратегиясының ең үздік тармағын көрсетеді"

2021 жылдың 7 қазанында "Сәулет" мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 10-сынып оқушылары арасында БП "Қазақстан-2050 стратегиясының ең үздік тармағын көрсетеді" атты мектепішілік дебат ойыны болған болатын. Дебат ойыны Американдық парламенттік формат (АПФ) түрінде ең алғаш рет өткізіліп отыр. Екі топта 2 оқушыдан бөлінді.(Үкімет - Оппозиция)

Ойын төрешісі- тарих пәнінің мұғалімі Н.М.Шапиков, палата спикері - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Е.Булекбаев болды. Сонымен қатар, осы ойынға мектеп директорының м.а. А.Т.Бисалиева мен Тасқала аудандық білім бөлімінің әдіскері Л.М.Сундеткалиева қатысып, ойын соңында өз пікірлерін айтты. Пікірсайыс соңында "Ұшқыр ойлы" және "Үздік позиция" аталымдары бойынша қатысушы топтар марапатталды.