05 қазан күні мектебіміздің қамқоршылық кеңесімен "Сәулет" мектеп-лицейінің директоры лауазымына үміткер А.Бисалиеваның кандидатурасын келісу мәселесі қаралды. Жиынға қамқоршылық кеңестің 5 мүшесі, хатшысы, төрайымы және Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Н.Ғ.Ғұмарова қатысты. Жиын барысында А.Бисалиева мектепті дамыту жоспарымен таныстырып, алдағы мақсат-міндеттерін айқындап көрсетті. Жиын соңында қамқоршылық кеңес мүшелері бір ауыздан дауыс беріп, А.Бисалиеваның кандидатурасын екінші кезеңге өтуіне келісім берді.
19 Қаз 2021
Жаңалықтар