19 Қаз 2021
Жаңалықтар

«Жанды сабақтар»

«Жанды сабақтар» экскурсиялар жобасының қорытынды ақпараты

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология облыстық орталығы және «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ ұйымдастыруымен 2021 жылдың 29 қыркүйек – 13 қазан күндері аралығында БҚО-ның 8-сынып мектеп оқушылары арасында «Жанды сабақтар» бағдарламасы бойынша экскурсиялар жобасын ұйымдастырылды. Жобаның негізгі міндеті - мектеп бағдарламаларын визуализациялау арқылы мектептен тыс жерлерде экскурсиялық сабақтар өткізу. Білім беру экскурсияларын оқу үдерісіне енгізу арқылы «Орыс әдебиеті» пәні бойынша оқушылардың білімін кеңейту және бекіту, гуманистік дүниетанымы бар, ұлттық және азаматтық санаға, патриотизм сезіміне ие рухани дамыған тұлғаны қалыптастыру мақсатында бағыт алады. Экскурсияға Тасқала ауданының «Сәулет» мектеп-лицейі, Қ.И.Сатпаев атындағы жалпы орта мектебі және Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушылары қатысып, А.С.Пушкин және Е.Пугачев музейлеріне экскурсия жүргізілді.