15 Қырқ 2021
Жаңалықтар

Білім БПҰ бастамасымен 13-қыркүйек күні мектебіміздің барлық сыныптарында отбасы күніне орай "Отбасы-бақыт мекені" атты тәрбие сағаттары өтті.

Білім БПҰ бастамасымен 13-қыркүйек күні мектебіміздің барлық сыныптарында отбасы күніне орай "Отбасы-бақыт мекені" атты тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағаттарында окушыларға отбасылық құндылықтар дәріптеліп, отбасының әр адамның өмірінде алатын маңызы туралы айтылды. Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата-ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған тәрбие сағаттарында әр бала өзіне ой түйіп, хат жазу арқылы отбасына деген алғыстарын білдірді.