09 Қырқ 2021
Жаңалықтар

5-9 сыныптар аралығында үш тілде эссе жазу жұмысы оздырылды

Қазіргі таңда қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірі болып отыр. Үш тілде оқыту - заман талабы. Үштілділік бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек. Бүгін тіл айлығы аясында 5-9 сыныптар аралығында үш тілде эссе жазу жұмысы оздырылды. Оқушылар тіл және Тәуелсіздік тақырыптарындағы ойларын қағазға түсіріп, жазба жұмысын орындады.