09 Қырқ 2021
Жаңалықтар

Тіл мәртебесі-ел мерейі

Тіл - ұлттың жаны. Тілге деген құрмет әрқашан жоғары болуы керек. Сондықтан мектебімізде 6-30 қыркүйек аралығында "Тіл мәртебесі-ел мерейі" тақырыбында тіл айлығы басталды. Тілге сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған жоспарға сай алғашқы күн шымылдығы барлық сыныптарда тіл тақырыбындағы тәрбие сағаттарымен ашылды. «Тілім барда қазағым бар,халқым бар», "Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры", "Тіл мәртебесі - ел мәртебесі" т.б.тақырыптарында ұйымдастырылған тәрбие сағаттарында оқушылар Бауыржан Момышұлының «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» - деген сөзін талдап, ойларын ортаға салды.

​«Тілім барда айтылар сыр ойдағы..»​ рөлдік ойын көрсетті. Яғни​ І топ «Төле бидің жұмбағы» көрінісін қойса,​ ІІ топ Тіл туралы диалог оқыды. ​  ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Қазақтың төл әріптерін құрау атты тренинг өткізіліп,  "Қазақ тілі мәртебесі өз дәрежесінде ме?" деген тақырыпта дебат түрінде ой қозғау жане болашақта қазақ тілі мәртесібінің өркендеуіне әсер ете алатын 5 факторды жазып, тақтадағы күннің шуақтары ретінде толықтырды. Сабақ соңында «Қазақ тілі» әнін тыңдап, Қазақ тілінің таңғажайып қасиеттері жайында пікір айтып, ана тілімізге үлкен құрметпен қарау керектігі туралы ой түйді.