09 Қырқ 2021
Жаңалықтар

«Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағаттары өтті

2021 жылдың 1-қыркүйек күні "Сәулет" мектеп-лицейінің 5-11 сыныптарында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға түрлі психологиялық тренингтер ұйымдастырылды. Оқушылар жаңа оқу жылына өз ойларымен бөлісіп, болашақта сыныптастарына деген тілектерін білдірді. Тәуелсіздік тақырыбында презентация көрсетіліп, тәуелсіздік жылдары болған жетістіктермен, маңызды жаңалықтармен бөлісіп, ой талқылады. Тәрбие сағатының соңында мектеп ішіндегі тәртіп пен ережелер таныстырылды.