1 қыркүйек - Білім күні! Бұл күні барша жан алғашқы қоңыраудың үнімен жаңа білімнің асуын бағындыру үшін мектепке қарай сағынышпен қадам басады.
Алғашқы қоңраумен қатар, биыл ғана лицей табалдырығын аттаған 34 жас бүлдіршіндеріміз лицеистер қатарына қабылданды.
Салтанатты жиын мемлекеттік гимннің орындалуымен ашылып, мектеп директорының міндетін атқарушы А.Бисалиеваның құттықтау сөзімен жалғасын тапты. 5 сынып оқушылар Ы.Алтынсарин мен А.Құнанбаевтың, тәуелсіздікке арнаған өлеңдерінен мәнерлеп оқып, тамаша бимен өнерлеріне тәнті етті.
11 сынып оқушысы білім бәйгелерінің жеңімпазы Ғазез Қ. барлық оқушылар атынан лицейистер қатарына қабылданғалы отырған жас өрендерге ағалық кеңесімен қатарн ізгі тілегін білдірді.
Салтанатты жиын 5 сынып оқушыларының Ант қабылдау рәсімімен, Сәулеттің гимнін шырқаумен өз мәресіне жетті. Болашақ түлек пен 5 сынып оқушылары жұп болып алғашқы қоңырау соғып, алғашқы сынып сағаттарына аттанды. Жаңа оқу жылына жаңа жетістіктер тілейміз!
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/11351-1-yrk-jek-bilim-k-ni.html#sigFreeId8377fc37d8