03 Мамыр 2022
Оқуға құштар мектеп

Жаз. Жайлау. Шұбала қонған киіз үйлер...

Бердібек Соқпақбаев өмірге, оның ішінде өзінің өміріне жақын етіп жазатын жазушы. Ал "Балалық шаққа саяхат" повесі - қаз қалпында түскен дүние, тек жазушының шебер қаламы арқылы жүйеленіп берілген. Кітап балалар мен ересектерге арналады. "Оқуға құштар мектеп" жобасы "20 минут кітап оқу" акциясы бойынша 8 сынып оқушысы Ұзақбай Сайора Б. Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" кітабын ұсынады.