24 Ақп 2022
Оқуға құштар мектеп

«Бір сынып-бір кітап» акциясы

21 ақпан күні сынып жоспарына сәйкес 5 А сынып оқушылары «Бір сынып-бір кітап» акциясы аясында аудандық кітапханада өткен «Біз оқуды ұсынамыз» шарасына қатысып келді. Шара Молдахмет Қаназовтың 80 жылдығына арналды. Шара барысында Молдахмет Қаназовтың өмірбаяны, өлеңдері мен шығармалары, кітаптары туралы айтылды. Оқушылар М.Қаназовтың берген сұхбатынан бейнеролик тамашалады. Шара соңында оқушыларға викториналық сұрақтар қойылып, оқушылар қызығушылықпен қатысты.