Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы атаулы күн. Шын мәнінде, Қазақстан Республикасының Президенті күні - жалпыхалықтық бірлік күні. Еліміздің негізгі күші - ұлт бірлігінде. Тәуелсіздік және Елбасы ұғымының тарихи маңызы зор. Мектеп кітапханасында ұйымдастырылған "Тәуелсіз елдің тірегі-білімді ұрпақ" кітап көрмесі, Президентттің өмірбаяны, еңбек жолы, еңбектері, қанатты сөздері, басқарудың инновациялық стилі, әлем Ұлт Көшбасшысы жайында кітаптарын ұсынады.