"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында «Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернат тәрбиеленушілер арасында «Бір отбасы – бір кітап», «Анашым, кітап оқып берші!» «Әкеммен бірге оқимын» отбасылық кітап оқу акциясы аясында күзгі каникул кезінде отбасымен кітап оқу ұйымдастырылды.
Мақсаты- отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңарту, кітапқа ұқыпты қарау, бірлескен шығармашылық арқылы отбасын нығайту, кітап арқылы елжандылыққа және өз өлкесінің дәстүрлері мен тарихына құрметпен қарауға тарту. Ата-ана және олардың балаларының қолында жақсы кітап болса- ол үйде оқырмандық атмосфера, рухани бірлік болатынына кәміл сенуге болады. Осыдан кітапхананың басты және маңызды рөлі – оқырмандарды кітапқа жақындату.