16 қарашада «Математика – ғылымдардың патшасы» атты математика апталығы аясында 7 – сыныптар арасында «Тапқыр болсан тауып көр» математикалық сайысы оздырылды. Аталмыш сайыс сабаққа әр сыныптан 5 оқушыдан құралған барлығы 3 команда қатысты. Сайыс 6 турдан болды: 1 тур – Таныстыру, 2 тур – Бәйге, 3 тур – 4-сурет, бір жауап, 4 тур – Тапқыр болсан тауып көр, 5 тур – Математика ертегілер елінде, 6 тур – Жорға. Сайыс барысында оқушылар мақал-мәтелдерді тауып, берілген логикалық есептерді шығарды. Kahoot бағдарламасы арқылы математикалық тапсырмаларды шешіп, нәтижесінде үздік топтар анықталды. Командалар сайысқа белсенді қатысып, білімдерін көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша 7 «Ә» сыныбы 70 ұпаймен І орын, 7 «Б» сыныбы 65 ұпаймен ІІ орын және 7 «А» сыныбы 61 ұпаймен ІІІ орынды иеленді.
17-қарашада математика апталығы аясында 9-сыныптар арасында «Математикалық регата» сайысы өтті. 9 «А», 9 «Ә» сыныбынан екі және 9 «Б» бір командалары құрылып, сайысқа түсті. Регатаның ережесіне сай сайыс 4-турдан құралды және барлық балл 90 ұпайды құрады. Әр турда алгебра, геометрия және комбинаторика бөлімдерін қамтитын 3 тапсырма болды. Әр тур сайын есептердің шығару жолдары көрсетіліп, балдары шығарылып отырды. Сайыс нәтижесінде 50 ұпаймен 1-орынды 9 «Б» сыныбы, 2-орынды 47 ұпаймен 9 «Ә» сыныбы, 3-орынды 43 ұпаймен 9«А» сыныбы иеленді.
17 қараша күні “Математика - ғылымдардың патшасы атты” математика апталығы аясында 10-сынып оқушыларына Халықаралық зерттеу жұмыстарын талдау мақсатында “PISA есептерін талдау” тақырыбында сыныптан тыс шара оздырылды. Шара барысында оқушылар мұғалімнің нұсқауымен өткен жылдардағы PISA тапсырмалары мен Bilimcenter сайтында орналастырылған есептерді талқылап, жекелей және жұптық жұмыстар орындалды. Оқушылар шараға белсене қатысып, сабақ өз мақсатына жетті.
18 қараша күні апталықтың қорытынды шарасы ретінде мұғалімдер арасында «Математикалық эстафета» сайысы оздырылды. Бұл сайыстың мақсаты: ұстаздардың денсаулығын, белсенділігін нығайту және де ой өрісін кеңейту. Эстафеталық сайыс «Таныстыру», «Кім жылдам», «Ксерокопия», «Адасқан формула», «Танграм», «Voice» және «Суды үнемде» атты жеті кезеңнен тұрды. Сайысқа барлығы 4 топ қатысты. Тартысты да, қызықты сайыс нәтижесінде 3-орынды «Жомарт» тобы, 2-орынды ақ түсті «Болашақ» тобы, 1-орынды «Қыран» тобы, ал бас жүлдені өздерінің шапшаңдығымен, ұйымшылдығымен, ұшқыр ойларымен жасыл түсті «Болашақ» тобы иемденді. Сайыс соңында барлық топ дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.