«Сәулет» мектеп – лицейінде 6-30 қыркүйек аралығында өткен Тіл айлығы туралы ақпарат
№ |
Өткізілген шара атауы |
Өткізілген күні, орны |
Өткізілген шараның ақпараты |
1. |
«Тіл мәртебесі - ел мерейі» (айлықтың ашылуы) |
6.09
|
Аталған тақырыпта дәлізге қазақ тілінің құдіреттілігі, Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы, А.Байтұрсыновтың 150 жылдығы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты ақпарат баннер орналастырылды. |
2. |
«Тіл – ұлттың жаны» (барлық сыныптарда тәрбие сағаттары) |
6.09 |
Барлық сыныптарда (5-11 с) Тіл тақырыбына арналған тәрбие сағаттары өткізілді. (248 оқушы) |
3. |
«Дархан даланың ағартушы педагогі» Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толу мерейтойына орай |
7.09 |
Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай дәлізге кітаптар көрмесі қойылды. |
4 |
«Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!» (бүкілхалықтық диктант) |
8.09 |
АББ кіріс хатына сай мектеп ұжымы мен оқушыларға диктант жаздырылды. Қатысқаны-276 адам, (оқушы-236, мұғалім-29, техқызметкер-11) |
5 |
«Тіл – алтын қазынам» эссе жазу (үш тілде Отан, тіл, Тәуелсіздік тақырыптарында эссе жазу) |
9.09-10.09 |
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Отан, тіл, Тәуелсіздік тақырыптарында 5-9 сынып оқушылары эссе жазды. Қазақ тілінде - 19, орыс тілінде - 5, ағылшын тілінде - 14 оқушы қатысты. Барлығы - 38 оқушы, соның ішінде - 12+3+6=21 оқушы марапатталды. |
6 |
«Ақын, тілтанушы, саясаткер Олжас Сүлейменовтің туғанына – 85 жыл» (орыс және ағылшын тілінде) |
13.09. |
9-сыныптарда О.Сүлейменовке арналған әдеби шара ұйымдастырылды. Оқушылар автордың өмірбаяны мен шығармалары туралы өй бөлісті, шығармаларын талдады. Қатысқаны – 27 оқушы. |
7 |
Ы.Алтынсарин шығармалары бойынша сауаттылық байқауы (диктант) |
13.09-14.09 |
Ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына байланысты оның шығармаларының тәрбиелік мәнін насихаттау мақсатында 5-11 сынып оқушыларына диктант жаздырылып, «Ең сауатты оқушы» аталымына лайық оқушылар анықталды. Қатысқаны – 239 оқушы: «5»-75, «4»-144, «3»- 20. |
8 |
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл» мәнерлеп оқу байқауы |
15.09 |
Аталған айдармен 5-9 сынып оқушылары Тәуелсіздік, тіл, Отан тақырыптарында мәнерлеп өлең оқудан сайысқа түсті. Барлығы 16 оқушы қатысты, 10 оқушы марапатталды. |
9 |
«Тіл – халықтың рухы» (латын әліпбиі мен мерейтой иелеріне арнап) |
16.09-24.09 |
«Тіл – халықтың рухы» (9а), «Жыр алыбы - Жамбыл» (6а), «Тіл – рухани қазына» (10а), «Ана тілі – арың бұл» (8ә), «Тіл байлығы» (8б), «Тіл әлемі» (7ә), т.с.с.айдарлармен барлық сыныптар қабырға газеттерін шығарды. 6 сынып марапатталды. |
10 |
«Латын әліпбиі – өркениетке жол» (барлық сыныптарда тәрбие сағаттары) |
20.09. |
Барлық сыныптарда (5-11 с) латын әліпбиі тақырыбына арналған тәрбие сағаттары өткізілді. (248 оқушы) |
11 |
А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жылдығына орай «Тіл тағдыры – ұлт тағдыры» |
21.09. |
9-11 сынып оқушылары дебатта қазақ тілі мерейі мен орыс және ағылшын тілдерінің қолданысы туралы пікірталасқа түсті. Қатысқаны – 10 оқушы. |
12 |
Ертегілер елінде |
22.09 |
5-6 сынып оқушылары көрініс қоюдан сайысқа түсті. 5а – «Мақтақыз бен мысық», 5б – «Алдаркөсе мен қу жауырын», 6а – «Бұрқасын ханшайым», 6ә – «Аққу – қаздар», 6б – «Кім күшті?» ертегілерін сахналады. Барлығы – 51 оқушы қатысты. |
13 |
«Ана тілім - ардағым» (оқушылар шығармашылығы) |
23.09. |
Оқушылар тіл, Тәуелсіздік туралы өз төл өлеңдерін ұсынды. 3 оқушы марапатталды. |
14 |
«Тілім - менің тірегім» (Отан, тіл, туған жер тақырыптарында өлеңдер жолдау) |
27.09. |
Оқушылар мәнерлеп өлеңдер оқып, видеожолдау жариялады. 6 оқушы марапатталды. |
15 |
«Тілі беріктің елі берік» марапаттау, БАҚ-та жариялау |
30.09 |
Айлық ішінде жоспарланған барлық шаралар уақытымен нәтижелі өткізілді. Іс – шараларға белсенді қатысып, нәтиже көрсеткен сыныптар мен жекелеген оқушылар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Әр шараның ақпараты мектептің фейсбук парақшасына жарияланып отырды. |