«Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында «Біз оқуға құштармыз» атты 20 минуттық оқу жобасын ұйымдастыру ережесі
«Біз оқуға құштармыз» атты 20 минуттық оқудың мақсаты мен міндеттері
Жобаның мақсаты:
- Мектеп оқушыларын көркем шығарма оқуға қызығушылығын арттыру, эстетикалық дүниетанымын қалыптастыру, сөздік қорын байыту, ақын-жазушылардың өлеңдерін, прозалық, драмалық еңбектерін, оқыта отырып таныту және өмір шыңдығын, шығарманың тәрбиелік мәнін, өнерін дарыту, шығармашылық қабілеттерін ашу және өз халқын, тілін құрметтеуге, рухын қастерлеуге тәрбиелеу;
- Әдеби тілді сауатты әрі еркін меңгеруге дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның сезімдік мәдениетін дамыту;
Міндеттері:
- Балалардың қазақстандық патриотизмі мен әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру, талантты балаларды анықтауға және жұмыстануға жағдай жасау;
- Балалар шығармащшылық қабілетттерін дамыту;
- Өз елінің жетістіктері мен табыстарын құрметтейтін және бағалайтын, көркем әдебиетті сүйетін оқушылар бейнесін көпшілікке таныту;
- Дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
Жобаны өткізу мерзімі және тәртібі
Жоба барлық сыныптарда, мектеп қызметкерлерінің арасында жүзеге асырылады. Әр оқу күнінің басында барлық сынып оқушылары пән мұғалімдерімен бірге, әр қабатта кіші қызметкерлер өз орындарында отырып 20 минут кітап оқиды. Жоба жыл бойына жүреді және жол соңында қортындыланады. Жеңімпаздар мақтау қағазымен және бағалы сыйлақтармен марапатталады.
Жоба бойынша бағалау өлшемдері
- Оқылған кітап саны:
5-6 сыныптар: 100 бетке дейін 2 кітап – 10 ұпай, 1 кітап – 5 ұпай
100 беттен жоғары 1 кітап – 10 ұпай
7-8 сыныптар: 200 бетке дейін 2 кітап – 10 ұпай, 1 кітап – 5 ұпай
200 беттен жоғары 1 кітап – 10 ұпай
9-11 сыныптар: 300 бетке дейін 2 кітап – 10 ұпай, 1 кітап – 5 ұпай
300 беттен жоғары 1 кітап – 10 ұпай
- Оқу күнделігінің жүргізілуі:
Мазмұнын талдауына қарай – 5-10 ұпай аралығы
Уақытылы жүргізілуі 5 – 10 ұпай
- Оқыған әдебиеті бойынша оқу конференцияларына қатысуы:
І орын – 10 ұпай
ІІ орын – 7 ұпай
ІІІ орын – 5 ұпай
- Қазақ көркем жазушылары мен ақындардың шығармаларын оқуы
7 кітап – 10 ұпай
6 кітап – 9 ұпай
5 кітап – 8 ұпай
4 кітап – 7 ұпай
3 кітап – 6 ұпай
2 кітап – 5 ұпай
1 кітап – 4 ұпай
- Әлеуметтік парақшаға пост жариялау:
Постта оқылған көркем әдебиеттің мазмұнының ашылуы
Идеяның жаңашылдығы
Тәрбиелік мазмұны
Комиссия құрамы:
- А.Бисалиева – мектеп директоры, комиссия төрайымы
- З.Нургалиева – мектеп кітапханашысы
- Н.Шапиков – кәсіподақ ұйымының төрағасы
- А.Бекентаева – жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог зерттеуші
- Ж.Булекбаев – қазақ тілі мен әдебиеті, педагог-сарапшы