11 Ақп 2021
Мектеп кітапханасы

Қадыр Мырза Әлі

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде поэма жанрының өсіп жетілуіне көп еңбек сіңірген Қазақстанның халық жазушысы, белгілі ақын Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты ауданында дүниеге келген. Ақынның шығармашылығы әрбір қазаққа белгілі. Оқырмандар оның туындыларын сүйіп оқиды.

Қадыр Мырза Әлі

Ақындық шығар айыпты,

Әлі білмен себебін.

Өлеңге айтып қойыппын

Өмірдің айтпа дегенін.

Өтірік жырдың қайдағы

Болмайсың жетіп шетіне.

Ақиқат-сөздің қаймағы,

Тұрмайды шықпай бетіне.