09 Ақп 2021
Ата-аналар комитеті

«Сәулет» мектеп-лицейінде бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының өтуі туралы ақпарат

2020 жылдың 20-тамыз күні «Сәулет» мектеп-лицейінің сынып жетекшілері бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыс ZOOM платформасы негізінде жүзеге асты. Жиналыс барысында сынып жетекшілер жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы презентациямен таныстырып, оқу жылының ұйымдастырылуы, қашықтан оқыту туралы ақпараттар беріп, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Өиындық тудырған мәселелер немесе сұрақтар болған жоқ. Барлығы 162 ата-ана қатысты. Қалған ата-аналарға ақпарат WhatsApp желісі арқылы жіберілді.