Оқушылардың дұрыс тамақтануын бақылау
Күні: 13.09.2019 жыл
Актісі
- Зерттеуші: Н.Қуанышқалиев, А.Дакишева, С.Шайхиева, Е.Сансызбай, А.Тулешева, С.Жубанышкалиева, И.Мусина.
- Мекен-жайы: БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Құрманғалиев көшесі, №5, «Сәулет» мектеп-лицейі
- Зерттеу объектісі Мектеп-лицей асханасының жағдайы, 5-11 сынып оқушыларына ыстық тамақтың дұрыс ұйымдастырылуы, мектеп ас блогындағы тамақ сапасы
- Негіздеме Аталған комиссия мүшелері мектеп асханасындағы қызмет жағдайын, ыстық тамақтың 4 апталық мәзірге сай ұйымдастырылуын, тамақ сапасын бақылауға алды. Ас мәзіріне сай дайындалған тағамның сапасы СанЕмН-нің талаптарына сай әрі денсаулыққа пайдалы, экологиялық таза өнімдерден жасалған, жоғары сапалы, нәрлі тағамдар беріледі. Бұны аталған комиссия мүшелері дайын тағамнан үлгі алып, байқау арқылы анықтады. Тәулік сайын дайын тағамнан үлгі алынып сыналады. Мектеп медбикесі күнделікті асхана қызметкерлерінің денсаулық жағдайын тексеріп, бракераж журналына тіркеп отырады. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану жайында үнемі пайдалы кеңестер беріліп, ақпарат таратылуда. Ұсыныс және ескерту журналының да толтырылуы қадағалануда.
Комиссия мүшелері:
Ата-аналар комитетінің төрағасы: Н.Қуанышқалиев
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: А.Дакишева
Әлеуметтік педагог: С.Шайхиева
Интернат меңгерушісі: Е.Сансызбай
Медбике: С.Жубанышкалиева
Сынып жетекші: А.С.Тулешева
Шаруашылық меңгерушісі: И.Мусина