05 Ақп 2021
Мектептік тамақтану

«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы»

«Сәулет» мектеп лицейі  «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы №548 бұйрықтың №1 қосымшасының 2.2 тармағына сәйкес ІІІ тоқсанды штаттық оқу режимінде 2 ауысыммен бастады.

Барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, интернат тәрбиеленушілері үшін асхана жұмыс жасауда. Сонымен қатар, ҚР БжҒ министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының қосымшасына сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына жеңілдетілген тамақтандыру қарастырылған.

 Қазіргі таңда мектеп асханасынан интернаттың 80 тәрбиеленушісімен бірге жекелеген санаттағы 3 оқушы тамақтанады. Талапқа сай, асхана сыйымдылығының 30%-на сәйкес толымдықпен әр ауысымда 28 оқушыдан, 3 ауысыммен тамақтанады. Күнделікті берілетін тағам ас мәзіріне сәйкес ұйымдастырылады және күнделікті дайын тағамның тәуіліктік сынамасы алынып отырады. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай қызмет көрсетілуде.