26 Ақп 2021
Жаңалықтар

«Алғыс айтуда шек болмайды»

1 наурыз - Алғыс айту күніне орай 26 ақпан күні «Сәулет» мектеп- лицейінің 6-сынып оқушыларына ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде «Алғыс айтуда шек болмайды» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Шараға ауданымыздың білім саласының дамуына еңбегі сіңген, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, ардагер ұстаз Шапикова Күләш Масельқызы қатысып, ұстаздық өмір жолы туралы қысқаша айтып, оқушыларға өзінің тәрбиелік құнды ақыл-кеңестерін берді. Оқушылар ардагер ұстазға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Тасбай Дана мен Аққали Жанель орыс, қазақ тілдерінде ұстазға арнап өлең жолдарын оқыса, Тулақбаева Ақбота қобызда ойнап өз өнерін көрсетті.