22 Ақп 2021
Жаңалықтар

"Буллинг жəне одан сақтану жолдары" тақырыбында тəрбие сағаты өткізілді

15 ақпан күні ЮНИСЕФ еріктілерімен бірге ұйымдастырылған бағдарлама бойынша "Сəулет" мектеп-лицейінің 9-10 сынып оқушыларына "Буллинг жəне одан сақтану жолдары" тақырыбында тəрбие сағаты өткізілді. Тəрбие сағатында буллингтен қорғану жолдары, кибербуллинг түрлері таныстырылып, буллингтен қорғану үшін оқушыларға арналған ұсыныстар берілді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтар арқылы пікір алмасты.