Оқыту – тәрбиелеу процесіне ұлттық құндылықтарды насихаттайтын, қазақтың тұрмысы мен болмысын ұғындыратын «Ата-баба дәстүрі жас ұрпаққа аманат!» жобасы аясында мектебіміздің 5 сынып оқушыларымен «Қазақтың салт-дәстүрі –ұлттың тамыры» тақырыбында қашықтықтан дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің маңыздылығын, адам қарым-қатынасындағы ролін көрсетіп, ұлт жанашыры болатын азамат тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылар өздері білетін, көретін салт –дәстүрлер туралы мәліметтер айтып, дәстүрлер туралы білімдерін көрсете білді. Сынып жетекшісі оқушыларды ұмытылып бара жатқан дәстүрлермен таныстырып білімдерін кеңейті. Оқушылар қандай салт-дәстүрлерді өз отбасында ұстанатындарын айтып, салт-дәстүрдің қазақ халқының ұлттық танымын,көзқарасын,өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретінін түсінгендерін айтты. Және де дәстүрімізді ұмытпай, қазақ деген халықтың патриот ұрпағы болып атын шығара беру әр қазақтың міндеті деп ойларын тұйықтады. Шараға оқушылар үлкен қызығушылықпен белсене қатысты.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/9801-%C2%AB%D0%B0%D1%82%D0%B0-%D0%B1%D0%B0%D0%B1%D0%B0-%D0%B4%D3%99%D1%81%D1%82%D2%AF%D1%80%D1%96-%D0%B6%D0%B0%D1%81-%D2%B1%D1%80%D0%BF%D0%B0%D2%9B%D2%9B%D0%B0-%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%82-%C2%BB.html#sigFreeIdb15da1531a