17 Ақп 2021
Жаңалықтар

Жаңа жыл өзіміз үшін де, бала үшін де мерейлі мейрам!

Жаңа жыл өзіміз үшін де, бала үшін де мерейлі мейрам. Осы орайда "Сəулет" мектеп-лицейінің директоры Ж.Х.Айтжанов, əлеуметтік педагог С.Г.Шайхиева жəне балалардың асыға күтетін жаңа жылдың кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар əлеуметтік жағынан қорғауды қажет ететін отбасының балаларына ҚР Президентінің, аудан əкімінің атынан жəне жалпыға бірдей білім беру қорынан алынған сыйлықтарды табыс етті. Мектеп басшысы балаларды жаңа жылмен құттықтап, оқушыларға жақсы тілектерін білдірді. Президенттің сыйлығына ие болған оқушыға Bilim book mini планшеті, 6 айға тегін қолданыстағы SIM картасы бар роутер, аудан əкімінің жəне жалпыға бірдей білім беру қорынан оқушыларға қысқы киімдер мен тəттілер табысталды.