17 Ақп 2021
Жаңалықтар

«Жас мамандар» байқауы

"Сəулет" мектеп-лицейінде 4-14 ақпан аралығында жас мамандар апталығы ұйымдастырылды. Апталықтың мақсаты жас мұғалімдердің мамандығы бойынша кəсіби деңгейлерін көтеру, сабақ беру əдісін жетілдіру, шығармашылық-педагогикалық ізденіске бағыттау болды.


Апталық аясында тəжірибелі ұстаздар М.И.Суханова "Зейін шоғырландыру жаттығулары", Н.М.Шапиков "Рефлексия", С.Т.Есеркенова "Кері байланыс" тақырыптарында практикалық семинарлар өткізді. "Мұғалім ең алдымен адамгершілігі мол армандаушы болуы керек" ұранымен өткізілген апталық барысында əр жас ұстаз өздерінің сабақтарын жоғары деңгейде көрсетсе, бірлесе өткізген практикалық семинарларда қазіргі заман талабына сəйкес тақырыптар талқыланды. Мектеп психологы Г.Б.Имангалиева психологиялық тренинг ұйымдастырып, əр ұстаз өзінің кəсіби өсуінің жеке картасын жасады. Бұл апталық бір-бірімен тəжірибе алмасу, кəсіби өсулеріне жағдай жасауға үлкен мүмкіндік болды деп есептейміз. Барлығы 10 жас маман қатысқан байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынды ағылшын тілі пəнінің мұғалімі А.Е.Мулдашева, ІІ орынды математика пəнінің мұғалімі А.С.Самиғоллин, І орынды математика пəнінің мұғалімі А.С.Айсағалиев алса, гран-приге информатика пəнінің мұғалімі А.Д.Зайтукова ие болды. Жеңістеріңіз құтты болсын!