"Сәулет" мектеп-лицей жанындағы интернат тәрбиеленушілеріне "бақыт", "өмір" құндылықтары туралы тереңірек білім беру, түсініктерін кеңейту, өмірге деген құштарлығын күшейту мақсатында "Бақыт-сенің тыныс алған әр күнің" атты тәрбиелік шара өткізілді.Шара барысында балалар бақыт сезімі, оның адам өміріне әсері, адамның өз іс-әрекетеріне жауапкершілігі туралы өз ойларын ашық айтып, белсенділік танытты. Топтық жұмысқа тартылу арқылы балаларға өмірдің жағымды жене жағымсыз жақтарын салыстырып, негізгі адамзат құндылықтарының маңыздылығын түсінуге жағдай жасалды. "Өз эмоциянды бақылау" тренинг жаттығуы балаларға өздерін жағымсыз іс-әрекеттен сақтануға бағыттады.Шара Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған "Бақыт деген..." атты топтық әнді орындауымен аяқталды. Тәрбиеленушілер бұл шараға оң баға беріп, ризашылығын білдірді.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/9776-%C2%AB%D0%B1%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%82-%D1%81%D0%B5%D0%BD%D1%96%D2%A3-%D1%82%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D1%81-%D0%B0%D0%BB%D2%93%D0%B0%D0%BD-%D3%99%D1%80-%D0%BA%D2%AF%D0%BD%D1%96%D2%A3%C2%BB.html#sigFreeId8789a39724