«Адамның бір қызығы бала деген» деп ұлы дана, кемеңгер Абай айтқандай, бала – адамның бауыр еті, өмірінің жалғасы, көрер қызығы, артына қалдырар ұрпағы. Дүниеге келген әрбір адам өзінің соңынан саналы ұрпақ қалдыруға талпынады, өмірінің елеулі кезеңдерін бала тәрбиесіне арнап өткізеді.
1 маусым күні жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" ұлттық ақпараттық науқаны бастау алды. Биылғы жылы БҚО Білім басқармасы "Бала еңбегін ұанауға жол жоқ!" ұранымен бастап жатыр. Науқанды өткізудің негізгі мақсаты -қоғамның назарын, соныі ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы салада құқықтық ақпараттандыру болып табылады.
Біз де өз кезегімізде ата-аналар мен балаларды мейлінше құқықтық ақпараттандыру арқылы балаларымызды ауыр дене еңбегінен қорғауға шақырамыз. Бала еңбегінің нашар түрлеріне тартылған жағдайда, зорлық-зомбылық және қатыгездік орын алған жағдайда мектебіміздің сенім телефонына 8 (711) 392 - 13-79
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janaluqtar-saulet/10866-%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D0%B1%D1%96%D1%80-%D2%9B%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D2%93%D1%8B-%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%B0-%D0%B4%D0%B5%D0%B3%D0%B5%D0%BD.html#sigFreeId0e350118d6