26 Нау 2021
Жаңалықтар

Қайырымды істер марафоны аясында

Қайырымды істер марафоны аясында "Экологиялық іс-шаралар" апталығы шеңберінде мектебіміздің дәліздерінде орналасқан "Жасыл бұрыштар" туралы тоқталып өтуге болады. Бұл бағыттағы шара мектебімізде дәстүрлі түрде қалыптасқан. Жыл сайын мектеп түлектері мектеп ауласын аббатттандыру, жасылдандыру мақсатында "Раушангүлдер аллеясын", әр түрлі жеміс ағаштарын, шырша отырғызды. 2019 жылдан мектеп түлектері мектеп дәліздеріне арналған бөлме гүлдерін сыйға тартуды жалғастырып келеді. Түлектер атынан сыйға берілген гүлдер дәліздерде демалыс алаңы болып ұйымдастырылды. Бір ізге қойылған бұл дәстүр болашақта да өзі жалғасын табады деген сенімдеміз.