26 Нау 2021
Жаңалықтар

«Жеті ата»

18 – наурыз күні 5ә,5б сыныптары арасында жеті атаны білу арқылы өзіңді тану, ата текті құрметтеу, ұрпақ жалғастығы, отбасы құндылығы және тектілік туралы ұғымды ұғыну, оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру, жеті санының сырын ашу мақсатында «Жеті ата» интеллектуалдық сайысы өткізілді. Quizlet платформасында мақал-мәтелдің жалғасын табу, Оnline Test Pad платфорларымен сөзжұмбақ шешу тапсырмаларын орындау барысында 1-орын Батрашева Дина, 2-орын Утегалиева Самал, 3-орын Серік Самал иеленді. Оқушылар білгендерімен бөлісіп, жеті саны туралы, жеті ата туралы ойларын жеткізді.