17 Нау 2021
Жаңалықтар

"ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ"

"Сәулет" мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Мынжасова Налия Сулейменовна 1991 жылы 14 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қошанкөл ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Отбасылық жағдайы – тұрмыста, бір қыз тәрбиелеп отыр.

1998 жылы Ғ.Бегалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектептің табалдырығын аттап, 2009 жылы үздік аттестатқа аяқтаған, абитуриент Налия осы жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің физика-математика факультативінің грант иегері атанып, 2013 жылы математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша аяқтайды.

Еңбек жолын Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінде математика пәні мұғалімі болып орналасып, жасап келеді. Жас маман ретінде өте белсенді, білімі терең, ізденімпаз, өз жұмысына тиянақты, үлкен жауапкершілікпен қарағанының нәтижесінде оқушылары да жетістік шыңын бағындырып жүр.

2019 жылы «Өрлеу» біліктікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының ұйымдастырған бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының облыстық кезеңінде «Математика мұғалімі» аталымы бойынша І орын, республикалық кезеңде Алғыс хат иеленді.

«Адамды қанаттандыратын – арман, ал арманға апарар саты еңбекқорлық» ұстанымы әрқашан ізденіс пен үйренуге деген талпынысына себепші болуда. #тәуелсіздікқұрдастары #білімбасқармасы